«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Бейсенбі, 28 наурыз 2024

Алматының көлік жүйесі Универсиаданы өткізуге дайын

Ашылу және жабылу салтанаттары

Универсиада ашылатын 29 қаңтар мен ойындар аяқталатын 8 ақпан күндері «Алматы Арена» стадионына көрермендер мен қонақтарды жеткізуге ерекше мән беріледі. Арнайы бағыттар бойынша біржақты жолақысы 100 теңгені құрайды:

  • Орталық Стадион - «Алматы Арена»
  • Астана алаңы ( ҚБТУ) - «Алматы Арена»

Жарыс күндерінде

Жарыстар өтетін күндері көрермендерді спорт нысандарына тасымалдау үш нүкте арқылы атқарылады:

- Орталық Стадион;

- «Саяхат» автобекеті;

- Алматы-1 теміржол вокзалы.

 

1. Орталық Стадионға дейін – 17 бағыт, 282 автобус;Бұлардан өзге, көрермендерді жарыстар өтетін жерлерге бұрынан қатынап жүрген 555 автобустар жеткізетін болады:

2 . Шаңғы трамплині кешеніне дейін – 3 бағыт, 88 автобус;

3. «Алматы Аренаға» дейін – 4 бағыт, 55 автобус;

4. «Халық Аренаға дейін» – 5 бағыт, 112 автобус;

5. «Медеу» мұз айдынына дейін – 2 бағыт, 18 автобус;

Қажет болғанда бағыттар күшейтіледі.

Универсиада дирекциясы айтып өткендей, Ойындарға қатысушыларға (спортшылар, төрешілер, техникалық делегаттар және басқалары) 519 көлік бірлігі қызмет көрсетеді.

«Біз негізгі және альтернативті бағыттарды жасадық, қозғалыс хронометражы есептелді, полиция көлігінің еріп жүруі жоспарланған. Басты мақсат – қалалықтардың күнделікті өміріне еш кедергі келтірмей, Унивесриаданың тиімді және жайлы логистикасын қамтамасыз ету», - деп атап өтті Универсиада дирекциясы.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына, кімде-кім Универсиада өтіп жатқан кезде жеке көлігін пайдаланғысы келсе, онда   FISU-дің талаптарына және дүниежүзілік практикаға сай түрлі шаралар өтіп жатқан жердің айналасында 500 метрлік қауіпсіздік аймағының барын есте сақтаулары тиіс. Сондықтан, жеке көлік иелері сауық-сауда кешендері маңындағы тұрақтарға көліктерін қалдырып, әрі қарай қоғамдық көлікпен спорт нысандарына бара алады.