«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 26 сәуір 2024

Тасымалдау ережелері

2-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау*

23. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлiгiн дамытудың бекiтiлген кешендiк схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легiн талдау негiзiнде құрылады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

24. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгi жолаушылар легiмен негiзделедi, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желiсiнiң жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиiс.

3-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi*

25. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердiң бiрiнде қызмет көрсетiледi:

  1. кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метірге дейiн болуы тиiс;
  2. кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшiн ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейiн болуы мүмкiн.

26. Халыққа қызмет көрсету ерекшелiгiне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкiн:

  1. тәулiктiң барлық белгiленген кезеңi және аптаның барлық күндерi iшiнде қолданылатын тұрақты;
  2. белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (демалыс, мерекелiк күндер немесе «қауырт» сағаттар) қосымша;
  3. алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендерi жұмыс iстеген кезде) маусымдық;
  4. қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегi режимде қызмет көрсетуге кедергi жасайтын жол желiсiнде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.

4-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi*

27. Жолаушыларды автокөлiк құралына отырғызу және түсiру мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi:

  1. шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi;
  2. екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi;
  3. үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi.

28. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есiк арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.

29. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар басым отыру үшiн 4-тен 8 орынға дейiн (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлiнедi.

30. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында «сұрау бойынша» аялдама пункттерi болған кезде, жолаушылар жүргiзушiге (кондукторға) көрсетiлген аялдама пунктiнде тоқтау қажеттiгi туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктiнде жолаушылар тұрған кезде, жүргiзушi оларды отырғызу үшiн аялдама жасауы тиiс.

31. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:

  1. автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейiн немесе қозғалыс кезiнде шығуға және кiруге;
  2. автобустың есiктерiнiң ашылуы мен жабылуына кедергi жасауға;
  3. жүргiзушiнi автокөлiк құралының қозғалысы кезiнде әңгiмемен алаңдатуға;
  4. автобустың, шағын автобустың салонының iшкi жабдығы мен жарағын бүлдiруге;
  5. темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
  6. от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс.

32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:

  1. автобустарда тұрып және отырып, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;
  2. шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсiпорын белгiлеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және автобустардың, шағын автобустардың салонын толтыруға рұқсат етiледi.

6-параграф. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы  жол жүру және багажды алып жүру төлемi*

41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемi жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргiзушiге) беру немесе жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi арқылы жасалады.
42. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді.
43. Бiр жолғы бақылау билетi бiр маршруттағы, жолаушы жүрiп өткен қашықтыққа қатыссыз бiр маршрут бойынша сапар кезiнде ғана жарамды.
44. Техникалық себептер бойынша автобус, шағын автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыруы мүмкiн емес жағдайлар туындаған жағдайда, жолаушыларға берiлген бiр жолғы бақылау билеттерi осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында жол жүру үшiн жарамды болып табылады.
45. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушы маршруттың бастапқы пунктiнен сапарды жүзеге асыру кезiнде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына немесе маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде кондукторға (жүргiзушiге) жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес төлейдi.
46. Қала маңындағы қатынаста жол жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға жол жүру құжатын (билетiн) берумен белгiленедi.
47. Багажды алып жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға багаж түбiртегiн берумен белгiленедi.
48. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiн сатуды алдын ала, жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген сату орындарында, сондай-ақ тасымалдаушылар кондукторлар немесе жүргiзушiлер арқылы жүргiзедi.
49. Қалалық (ауылдық) қатынастағы сапарларға арналған ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерi жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жарамсыз.
50. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiнiң қолданылуы белгiленген нормадан артық қол жүгiн және багажды алып жүруге тарамайды.
51. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы оны кондукторға (жүргiзушiге) автобусқа, шағын автобусқа мiнген кезде көрсетедi.
52. Егер жолаушы жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетiн пайдаланса, онда сонымен қатар ол жеңiлдiкке құқығын растайтын құжатты ұсынады.

 

5-параграф. Қол жүгi мен багажды алып жүру*

33. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында автобустың, шағын автобустың салонында өлшемi 60х40х20 см дейiнгi бiр орын қол жүгiн, сондай-ақ қабы бар бiр жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етiледi (автобустарда ғана).
34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлген салмақ  және көлем өлшемдерінен асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және белгіленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.

 

Жануарларды тасымалдау

5-параграф.  Қол жүгі мен жолжүктерді тасымалдау*

36. Жүйелі түрде қалалық (ауылдық) және қала маңындағы автокөліктермен жолаушылар мен жолжүктерді тасымалдайтын маршруттарда, торға немесе сөмкеге салынған  ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдауға рұқсат етіледі.  .
37. Автобустардың жинақтау алаңдарында, тұмылдырық кигізілген және қарғы бауы бар иттер тегін тасымалданады.

Алматы қаласында иттерді ұстау ережесі**

2. Иттерді ұстау жағдайлары 

7. Адамдар көп жиналған жерлерде, қоғамдық көліктерде және басқа қоғамдық орындарда иттерді ұстауға тыйым салынады, оларды  қысқа қарғы бау мен тұмылдырық кигізіп алып жүру керек. 

8. Сәнді тұқымдарға жататын иттерді  сөмкеге, әдейі арналған торларға (алып жүруге арналған контейнерлер) салып алып жүруге рұқсат етіледі.

 

*Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көліктерімен тасымалдау ережесінен үзінді.

Толық мәтінін төменде берілген сілтемеден көре аласыз:

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11550 тіркелді

 

**Иттерді ұстау ережесі Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы V-шақырылған XIX-сессиясының  № 158 - шешімімен қабылданды.

Толық мәтінін төменде берілген сілтемеден көре аласыз:

http://www.mga.kz/solutions/maslikhat-solutions/446-reshenie-xix-oy-sess...