«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 29 наурыз 2024

CITYBUS ҚОСЫМША

Citybus – Алматы қ.  қоғамдық көліктерінің қозғалысын бақылауға өте қолайлы жүйе. Сайт және CityBus икемді қосымша алматылықтар мен қонақтарға өздерінің тұрған жерін анықтауға, баратын жерін картада белгілеуге және тиімдірек маршруттар мен қоғамдық көлік түрлерін таңдауға көмектеседі.   

Бұрындары қаланың бейтаныс ауданында болған кез келген адамға, өтіп бара жатқан адамдардан қай автобуспен жетуге болатынын жиі сұрауға тура келетін, бірақ  әрқашан дұрыс жауап ала бермейтін.  Енді интернет ғасырында автобустардың таныс нөмерін іздеп жолға телмірудің қажеті болмай қалды. Өзіңіз  күткен автобустың қай тұста келе жатқанын білу үшін, жай ғана CityBus  қосымшасын ашсаңыз жетіп жатыр.

Енді сіз CityBus қосымшасын ашып өзіңіз күткен автобустың қай жерде келе жатқанын, қазір ол кептелісте тұр ма және сіздің аялдамаға аздап кейінірек  жету мүмкіндігіңіз бар ма біле аласыз. Қосымша қоғамдық көліктердің тек қалалық маршруттарының қозғалысын бақылауға ғана мүмкіндік береді

 

Сайт: http://www.citybus.kz/