«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жексенбі, 28 қараша 2021

Күнде таңертең осы маршрутпен

Күнде таңертең осы маршрутпен жұмысқа барам, осы 16 маршрутының барлық автобустардың  пеші қосылмайды, орындықтың суығы  миыңа жетеді,   кейде жуылған соң дұрыс сүртілмегендіктен полы мұз болып тұрады,  аялдама аттары хабарланбайды, шара қолданып, мәселе шешіледі деген ойдамын . Барлық автобустардың /осы бағыттағы/ пеші қосылатын болсыншы

24 желтоқсан, 2020 - 19:26

 

Ответ:

Сәлеметсіз бе!

2020 жылғы 12 қазанда «АвтоТрансГаз» ЖШС күзгі-қысқы кезеңге дайындық үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу туралы келісімге қол қойды. Шекарадағы контейнерлердің кешігуі, Covid-19 таратпау жөніндегі шектеу шараларына байланысты болды. Қазіргі уақытта паркке контейнерлер жеткізілді және өндірістік бөлім техникалық ақауларды жою үшін жеделдетілген режимде жұмыс істейді.

«АвтоТрансГаз» ЖШС әкімшілігі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
 

06 қаңтар - 2021 - 12:46