Алматыда «ONAY!!» электрондық билет алу жүйесі жұмыс істейді
Алматы көліктерімен жол жүру үшін төленетін ақыны:
- «ONAY!» көлік картасы;
- Бір реттік жол жүруге қағаз билет алумен «ONAY!» арнайы мобильді көлік терминалы арқылы тіркеу қажет.
"ONAY!" КӨЛІК АРТАСЫ АРҚЫЛЫ ЖОЛ ЖУРУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ - 80 теңге
ҚОЛМА - ҚОЛ АҚША АРҚЫЛЫ ЖОЛ ЖУРУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ - 150 теңге
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖОЛ ЖҮРУІ ТЕК «ONAY!» ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖОЛ ЖҮРУ КӨЛІК КАРТАСЫ АРҚЫЛЫ ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Бір рет жол жүретін «ONAY!» қағаз билетінің құны азаматтардың барлық санаты үшін – 150 теңге
Қоғамдық көлік салонында қолма қол ақша төлеген кезде міндетті түрде «ONAY!» қағаз билетін» талап етіңіз!
Тегін жол жүру кімге ұсынылады
«Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі V-шақырылымы XLII1- сессиясының «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы» Алматы қаласы мәслихатының № 367 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру:
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерге, соларға теңестірілген адамдарға;
- 75 жастан асқан зейнеткерлерге;
- бірінші, екiнші топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек – балаларға ұсынылады;
Азаматтардың осы санаты үшін «ONAY!» жеңілдікпен жол жүру картасы ұсынылады
Жеңілдікпен жол жүру кімге ұсынылады
Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнынан 50% жеңілдікпен жол жүруге мыналарға рұқсат етіледі:
- білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушыларына;
- техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушыларына, жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында оқитын студенттеріне;
- жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;
- көп балалы аналарға (18 жасқа дейінгі жастағы 4 немесе одан да көп баласы бар).
Азаматтардың осы санаты үшін «ONAY!» жеңілдікпен жол жүру картасы ұсынылады.
Жасы 7 ден 15 дейінгі қаладан тыс жерлерде тұратын балалар үшін Рысқұлбеков көшесі 33/1 адресі бойынша «Оқушының көлік картасын» сатып алуға болады, ол бойынша жол жүру құны жол жүру құжатының (билеттің) толық құнының 50% пайызын құрайды.
«ONAY!» жол жүру билеттері Алматы қаласының мына азаматтарына арналған:
- жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына,
- жасы бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлерге,
- техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушыларына, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге арналған