«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Дүйсенбі, 09 желтоқсан 2024

БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы

БҰҰДБ - ҒЭҚ «Алматы қ. тұрақты көліктері»  жобасы – көліктерден бөлінетін парник газдары шығарындыларының өсу проблемасын шешуде  қалаға көмек көрсету және тұрақты көліктерді ілгерілету және көрсетілімдік жобаларды іске асыру арқылы қоршаған ортаны жақсарту мақсатында 2011 жылы басталған  – 5 жылдық жоба. 

Өмір  сүру мен жұмыс істеу үшін тартымды қала - Алматыда тұру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін «Алматы қ. орнықты көліктерінің  2013–2023 жж. арналған стратегиясы» 2013 ж. АҚТК жобасының көмегімен әзірленді және бекітілді.  
2014 ж. мамырда БРТ типті жүрдек автобустар дәлізі мен жаңа веложолдар салуды ұйымдастыру жөніндегі пилоттық жобалардың тұсауы кесілді және Алматы қ. Әкімі мақұлдады.

АҚТК жобасы Вело-Алматы бастамашы тобы ұйымдастыратын велосипедпен жүруді әйгілеу жөніндегі іс-шараларды: балалардың жылсайынғы веложүгірістерін, жаңадан үйренушілер мен анағұрлым тәжірибелі велосипед мініп жүруді  ұнататындарға қалада қауіпсіз жүру дағдыларын беретін веломектептегі сабақтарды  қолдайды.  

«Алматы қ. тұрақты көліктері»  жобасы әкімшіліктің, көліктік ұйымдардың  өкілдері мен жұртшылықтың тәжірибе алмасу және жаңа идеялар іздеп табу үшін халықаралық деңгейде орнықты көліктерді дамыту жөніндегі түрлі конференцияларға қатысуына  жәрдемдеседі. 2012-2014 жылдары 350 ден астам мамандар оқытылды және біздің іс-шараларымызға қатысты.  

АҚТК жобасының міндеттері:

  • Алматы қ. қоғамдық көліктерді басқаруды жақсарту, қоғамдық көліктердің тиімділігі мен сапасын жақсарту үшін әлеует құру;
  • Алматы қаласы  ауасының сапасын  басқаруды жақсарту;
  • Алматы қ. жол қозғалысын интеграциялап басқару бойынша әлеует құру;
  • Көрсетілімдік  жобаларды іске асыру,  халықтың орнықты көліктер туралы ақпараттандырылуын көтеру;
  • 2023 жылға қарай қоғамдық көліктермен жүру үлесін 20%  арттыру.

Жобаның жұмысы туралы толығырақ ақпаратты сіз сол жақтағы мәзірдің тиісті бөлімдерінен таба аласыз.