Портал жасаудағы басты мақсат ақпараттық технологияның көмегімен, сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындары мен қалалық әкімшілік арасындағы диалог арқылы қалалық қоғамдық көліктердің дамуына жәрдемдесу болып табылады. Бұдан басқа, портал қалалықтар, қала әкімшілігі және тасымалдаушылар компаниясы үшін кері байланыс платформасының рөлін атқарады. Осылайша, «Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурсы қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды ұдайы қадағалап отыру, сондай-ақ Алматы қ. қоғамдық көліктер жұмысының бұзылуы мен қоғамдық көліктер аясындағы құқыққа қарсы оқиғалар туралы хабарламаларды тіркеу арқылы көрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіруге мүмкіндік тудырады.