«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жексенбі, 22 желтоқсан 2024

ТӨЛЕМ

Бірыңғай көлік картасының құны – 80 теңге

«ОҢАЙ» қағаз билетімен бір рет жол жүру құны азаматтардың барлық санаты үшін – 150 теңге.

Қоғамдық көлік салонында қолма қол ақша төлеген кезде міндетті түрде  «ОҢАЙ» қағаз билетін» талап етіңіз!

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖОЛ ЖҮРУІ  ТЕК «ОҢАЙ» ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖОЛ ЖҮРУ КӨЛІК  КАРТАСЫ АРҚЫЛЫ ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Тегін жол жүру кімге ұсынылады

«Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі V-шақырылымы XLII1- сессиясының «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде  (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну  туралы»  Алматы қаласы мәслихатының № 367 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес қалалық қоғамдық көліктерде  (таксиден басқа) тегін жол жүру:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерге, соларға теңестірілген адамдарға;
  • 75 жастан асқан зейнеткерлерге;
  • бірінші, екiнші топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек – балаларға ұсынылады;

Жеңілдікпен  жол жүру кімге ұсынылады

Қалалық  қоғамдық көліктерде  (таксиден басқа) тариф құнынан  50% жеңілдікпен жол жүруге мыналарға рұқсат етіледі: 

  • білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушыларына;
  • техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушыларына, жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында  оқитын студенттеріне;
  • жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;
  • көп балалы аналарға (18 жасқа дейінгі жастағы 4 немесе одан да көп баласы бар).

Жоғарыда көрсетілген адамдар санатына жеңілдікті электрондық жол жүру картасы және ұзақ уақыт пайдаланылатын көліктік жол жүру картасы;  «ОҢАЙ» жеңілдікті көлік карталары мен «ОҢАЙ» жол жүру билеті ұсынылады.  

Төлем туралы толығырақ ақпаратты мына сайттан біле аласыз:  http://onay.kz/