«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жексенбі, 22 желтоқсан 2024

Сығымдалған табиғи газды пайдаланатын автобустар жұмысының қауіпсіздігі жөніндегі оқу құралы

Соңғы 25 жылда халықаралық қоғамдастықтың бірлескен қызметінде қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауымен де, сол сияқты әлемдік климаттың өзгеруі мен бүкіл адамзаттың өмір сүруі үшін кейін жағымсыз салдарларға соқтыратын жалпы жер атмосферасы температурасының тоқтаусыз жоғарылауымен де байланысты ғаламдық экологиялық апаттың алдын алу күресі алдыңғы қатарға шықты.

Қазақстан Республикасын «жасыл экономикаға» көшіру жөнінде тұжырымдамада салаларды модернизациялау, көмір сутек газдарын шығарындыларын қысқарту, көлік саласында газ
отынын пайдалануды кеңейту, газ отынын пайдаланушыларды қоса алғанда, көліктің баламалы түрлерін, жол инфрақұрылымын дамыту, автокөліктен шығарындылар бойынша еуропалық норма орнату, 2020 жылға дейін Алматы қ. және басқа ірі қалалардың авто парктерін сығымдалған табиғи газ тұтынуға көшіру (бұдан әрі – СТГ) міндеттері қойылды. ҚР газ секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында Алматы қаласы мен газдандырылған облыс орталықтарының қалалық қоғамдық көліктері мен жол-коммуналдық қызметтерін СТГ, Астана қ. мен газдандырылмаған облыс орталықтарын – басқа газ моторлы отынға, атап айтқанда сұйытылған көміртек газына (бұдан әрі –СКГ) көшіру жөнінде нақты міндеттер қойылды. Алматы қ. мен Астана қ. газдандырылған автокөліктер үлесі 2022 жылға қарай 30 %, 2030 жылы – 50 % құрауы тиіс. Бұл мақсаттар Мемлекет басшысының 2014–2015 жылдары «Алматы қ. дамыту туралы» мәселелер жөніндегі мәжілістерде жасаған кейінгі тікелей тапсырмаларында да нығайтылды.

Автокөліктерді СКГ қоса алғанда, отынның дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда көліктерден парниктік газдардың шығарындылары анағұрлым төмен болып келетін СТГ пайдалануға көшіру тек экологиялық таза мотор отынына көшу тұрғысында ғана емес, сонымен бірге, ол бойынша Қазақстанда әлемдік қоғамдастық алдында алып отырған маңызды міндеттемесі бар парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын қосымша төмендетуді қамтамасыз ету тұрғысынан да бағалауға мүмкіндік береді.

sygymdalgan_tabigi_gazdy_paydalanatyn_avtobustar_zhumysynyn_kauipsizdigi_zhonindegi_oku_kuraly.pdf