«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Дүйсенбі, 23 желтоқсан 2024

Алматыда №65 бағыты бойынша жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда көлік реформасы және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау жұмыстары жүруде. Өзге тасымалдаушылар сияқты «Авто Алма Транс» ЖШС Евро-5 экологиялық сыныпты жаңа автобустар алды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгінен бастап №65 бағыты бойынша қызмет көрсететін жаңа автобустарды қарап шыққан болатын.

«АвтоАлма Транс» ЖШС-і бас директорының орынбасары Қанат Нұрлыбеков ең алдымен №65 бағыт жаңа көлікке алмастырылғанын, өйткені, осы бағыт бойынша тұрығндардан көп шағым түскенін айтты.

«Бүгінгі күні біздің автопаркте 10 бағыт бойынша 150 көлік бірлігі бар. Жыл аяғына дейін біз тағы да 44 жаңа автобус ламыз, 2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа автобустар санын 112-ге дейін жеткіземіз. Жинақталған инвестиция 4 млрд. теңгені құрайды», - деді Қ.Нұрлыбеков.

Тасымалдаушы сыйымдылығы 70 адамдай болатын Евро-5 экологиялық сыныптағы Yutong маркалы автобустарды алды. Автопарк өкілінің айтуынша, «ОНАЙ» электронды билеті және сараланған тарифтің арқасында жолаушы легін мен әр бағыт бойынша қанша табыс түсетіндігі белгілі болуда әрі әкімдіктің субсидиялық қолдауы барысында жаңа автобустар алуға мүмкіндік тууда.

Алматыда көлік реформасы және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау жұмыстары жүруде. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша өткен аптада №103 бағыты бойынша 12 метрлі төмен еденді 20 автобус жолға шығыпты. Жеті күн ішінде 1,8 млн. теңге транзакцияланып, жолаушылегі өткен кезеңдермен салыстырғанда 3 есе өскен, көлік жиілігі 100%-ға жеткен.

«Алматыэлектротранс»ЖШС сатып алатын 297 көліктің 20 автобусы биыл келді, қалғандары екі ай ішінде кезең бойынша жеткізілетін болады.

Бұлардан өзге, жеке тасымалдаушылар сыйымдылығы әртүрлі 254 автобус алуды жоспарлап отыр. «БаТу Трэвел» ЖШС, «АвтоАлма-Транс»ЖШС, «Мадина»ЖШС, «ТалапТ»ЖШС, «Самат Транс» ЖШС, «Green bus company»ЖШС сынды асымалдаушы- компаниялар алған көліктер кесте бойынша келе бастады.

«Green bus company» ЖШС бұрындары Yutong маркалы 50 жаңа автобус алған болатын, олар қазіргі кезде №50,112,126 бағыттары бойынша сапалы қызмет көрсетуде. Бір апта ішінде №112 бағыттағы жаңа автобустарда жолаушы легі екі есе өсті.