Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында бүгін №201 жаңа магистральді бағыт бойынша жолға шыққан сыйымдылығы үлкен немесе «гармошка» деп аталатын жаңа автобустарды көрді.
Жаңа 18 метрлі төмен еденді автобустар Евро-5 экологиялық сыныпқа жатады, оның сыйымдылығы 180-ден астам адам, Төле би көшесі бойымен Яссауи көшесінен Шығыс айналма жолына дейін қамтиды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исахов ұзындығы 14 км болатын Төле би көшесінде жолаушылар легінің жоғары екенін, бірақ тікелей бағыттың болмағанын, қала тұрғындары тарапынан түскен көп өтініштерді саралай келіп, сыйымдылығы үлкен автобустар арқылы магистральды бағыт ашу туралы шешім қабылданған айтты.
Аталған бағыт бойынша жылжымалы составтың 19 бірлігі жұмыс істейді, оның біреуі резервте. Қозғалыстың жоспарланған интервалы – 6 минут, таңғы сағат 6-дан түнгі 23.00-ге дейін. Автобустар кондиционерлермен, видеобақылаумен, пандустармен жабдықталған, төрт есіктің әрқайсысының жанына «ОҢАЙ» терминалы орнатылған.
«Егер орташа бағыттағы жолаушылар легі тәулігіне 10 мың адам болса, ал 201 бағытта 25 мыңға дейін болуы мүмкін деп болжануда. Жаңа бағыттың енуі жолаушыларға жайлы қызмет көрсетіп, тасымалдаушылар қызметінің сапасын арттырады деген үміттеміз», - деді М.Исахов.
Алматы әкімі жаңа автобустардың жоғары экологиялық стандарттарға сай екенін және қалада қоғамдық көлікті газға көшіру жұмыстарының одан әрі ын айтты.
«Ол үшін қажетті инфрақұрылым, май құю және сервис бекеттері болуы тиіс, сондықтан қазіргі кезде осы талаптардың барлығына жауап беретін автопарк құрылуда», - деді қала басшысы.
Бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылған болатын.
Жалпы, Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус сатып алуға қаржы бөлінген еді, олардың 185 – і бағыттар бойынша жолға шыққан болатын, қалған 203 – і келер жылдың басында іске қосылады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91 – і бағыттарда, қалған 183 автобус 2 018 жылдың бірінші тоқсанында келеді.
Мегаполис басшысына қоғамдық көлік үшін жасаалған жолақтарда жол қозағлысы ережесін бұзғандарды белгілейтін жүйәе көрсетілді.
«Жылжымалы составқа видеокамера орнатылады, ол арнайы жолаққа шығып кеткен көлікті бірден анықтайды, көліктің нөмірі автолматты түрде белгілі болады және 100% дәлелдері бар базалық ақпарат процессуалды шешімдер қабылдау үшін қаланың ІІД-не жіберіледі. Тестілік режимде жұмыс істеген бұл жүйе 3 күн ішінде бір троллейбустың 104 рет тәртіп бұзғанын көрсетті, бұл 1 млн.астам теңгеге тең. Жүйе қоғамдық көлік қана емес, жеке авто жүргізушілерді де тәртіпке шақырады», - деді жүйені жасаушы компания өкілі Александр Сатин.
Айта кетерлігі, жүйені ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің космос техникасы мен технологиясы Институты жасаған, оның барлық компоненттері Қазақстанда өндіріледі. Жүйе жан- жақты әрі ұзақ тестілеуден өткен соң Алматы қаласының жолдарында қолданылуы мүмкін