Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары ашылды.
Айта кетерлігі, Жетісу ауданы тұрғындарының кө өтінімдері бойынша № 46 бағыты ашылды, көлік .Первомайка ықшам ауданын – Универсалды базарды – Құлагер елді мекенін – Жетісу аудандық әкімдігін – Белинский көшесін қамтып,«Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады. Бұл бағыт бойынша жылжымалы состватың10 бірлігі қызмет көрсетеді, интервал арасы 10 минут. Болжамдағы жолаушылар легі - тәулігіне 3000 адам.
Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына трассификация бойынша өзгеріс енгізілді, енді көлік мыналарды қамтиды: Рахат, Мәдениет ықшам аудандары - №196 мектеп - М.Шоқай көшесі - Орталық - ҮАК- Саялы – ХҚКО авто - Ақын Сара көшесі - Б.Момышұлы көшесі - Универсиада көшесі - Алатау ауданының ХҚКО. Бүгіннен бастап бұл бағыт бойынша бес автобус жүруде, интервалы 20 минут.
Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт ашылған еді.
Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 210– ы бағыттар бойынша жолда жүр, 180 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады.Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91 – і қала жолдарында қызмет көрсетуде.