«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 29 наурыз 2024

115 автобус маршруты өзгеріп құантып еді!

Еңбектеріңізге мың алғыс!жол үстінде таңның атысы,түннің батысына дейін жүретін жүргізушілеріне де шексіз алғыс! 115 автобус маршруты өзгеріп құантып еді! бірақ Шаңырақтағы Алатау аудандық соттың қызметкерлері кешкі 8 ден ерте шығалмаймыз.Ал кешкі 8 де шығып алып үйлерімізге жете алмай жаурап ауырып қиналамыз,өйкені кешкі сағат 8дегі автобус Ахрименко Рысқұлов көшесіне дейін ғана барамын деп,жүргізушінің - арттағы автобус келе жатыр дегеніне біз аңқау сеніп аялдамада сағаттап күтіп - жұмыстан кейін дер кезінде үйімізге жете алмай қалғанымыз рас! мемлекеттік қызмет атқарып жүрген біз таксимен жүруге еш мүмкіндігіміз жоқтығы барлығына мәлім!Алматы аренадағы КИК жалдамалы пәтердің ақшасын төлейміз ба,мүгедектік дәрі дәрмектерімізді аламыз ба,жалғыз басты әке- ана комуслугасы мен балларымыздың оқуларын төлейміз ба мына қиын қыстау жоқтық заманда?жүргізушілер барахолкадан шаршап қайтады әрине,бірақ жұмыстан қайтатын біздер де ойнап қайтпаймыз ғой! ыңғайын келтіріп сменге бөліп па жүргізушілірге қатты салмақ түспейтін әрекеті жасалса бүкіл Алматы қаласының автобус маршруттарына- бұдан артық қандай өтініш болцы мүмкін?!?қаладағы қоғамдық автобустары жүргізушілердің жағдайлары жасалса,жалақылары мен автобусқа жұмсалатын шығындары ретке келтірілсе - барлығы ұақытымен жайлы жүруші еді деп ойлаймыз,бұл ойымыз талабымыздың бірі! "Жай Жаң" қоғамдық ұйымының төрайымы ретінде халықтың шағымдарымен айналысып,шағымдарын тиесілі органдарға жеткізу біздің парызымыз!
Аса құрметпен,"Жай Жаң" қоғамдық ұйымының төрайымы Алимбетова Айнұр,Алматы қаласының тұмасы

07/12/2017

 

Жауап:

Сіздің өтінішіңізді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қарап, келесіні хабарлайды. 
«Мадина» ЖШС-на маршрутқа қызмет көрсету барысында белгіленген тәртіпке сəйкес тасымалдауды жүзеге асыру туралы талаппен, схемадағы барлық тоқтау нүктелерінде тоқтап, сонымен қатар, аталған маршрутқа интервал мен қозғалыс жиілігіне қатысты тиісті шараларды қолдану үшін хабарлама жолданды . Маршруттың жұмысы Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылауына алынды.

31/01/2018