«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 19 сәуір 2024

Неліктен бүкіл Алматыэлектротранс, Бату Травэл тасымалдаушылары жаңадан 2017-2018 жылдары сатып алынған автобустарының ішінде жолаушыларға нұсқаулықтар қазақ тілінде берілмеген?

Неліктен бүкіл Алматыэлектротранс, Бату Травэл тасымалдаушылары жаңадан 2017-2018 жылдары сатып алынған автобустарының ішінде жолаушыларға нұсқаулықтар қазақ тілінде берілмеген?Мысалы АЭТ автобустарында кондицинер жұмыс істеп тұрғандықтан терезелерді ашуға болмайды дейтін жазу, шұғыл шығыс жазуы , жүргізушімен байланыс ақпараты және т.б. тек орыс тілінде ғана берілген. Ал Бату Травэл автобустарында жоғарыда айтылған ескертулер орыс тілінде ал оның астында өзбек тілінде жазулы тұр. Жаңа автобустардың бәрінде шұғыл шығыс жайлы ақпараттар тек орыс немесе өзбек тілдерінде берілген . Ал қаланың барлығы дерлік автобустарында хабарлама, маршрут өзгерісі бойынша ақпараттар, қауіпсіздік ескретулері және т.б. мағұлмат тек орыс тілінде беріледі.
Ал бұдан бұрын алынған ,Green bus company компаниясының YUTONG автобустарында да сол жағдай хабарламалар шұғыл шығыстар туралы, ескертулер, хабарламалар қажет мәліметтер тек орыс тілінде берілген.

Қоғамдық көлікте бұндай шұғыл ақпараттардың, хабарламалардың, ескертулердің болмауы дұрыс емес әрі егер адам орыс тілін білмесе шұғыл жағдайда қандай қимыл жасау керектілігін, автобус маршруты өзгергенін және т.б. ақпаратты қайдан біледі?

Тіл туралы заңның 4 бапында :
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi." деп, ал 8-ші тілді қолдану бапында: 
"Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады."деп жазылған.
Сонымен қатар жаңа YUTONG маркалы 65,95,112,126,50 автобустарының автобус бағытын көрсететін жүгірмелі жолағы (бегущая строка) ақпаратты тек орыс тілінде ғана береді.

Және де неге автобустарда аялдамаларды атау жүйесі жұмыс істемейді?Мысалы :Астана автобустарында бұл жүйе сәтті жұмыс істеуде.Ал Алматы метросында да бұндай жүйе бар. Егер шет аймақтан немесе басқа қаладан келеген адамдардың автобуспен қозғалысы қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл жүйені қайта қалпына келтірулеріңізді немесе жүргізуші арқылы аялдамаларды атауларыңызды және тіл туралы мәсәлені шешуге сұраймын.

10/02/2018 

Жауап:

Сіз атаған кемшіліктер бойынша Басқарма барлық автобус паркілерінің басшыларына кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою туралы тиісті нұсқаулық берді.

12/04/2018