«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Сейсенбі, 23 сәуір 2024

Мени 63 автобус пешеходта согып кете жаздады, жургизуши маган карап асыгыспын деп дауыс котерди!

Салеметсизберме! Мени 63 автобус пешеходта согып кете жаздады, жургизуши маган карап асыгыспын деп дауыс котерди! Озим аягым ауыр стрессте журген айелмин. Жаяу жургенде цветофорда жасыл жанып турып откизбей согып кете жаздаган автобуска катты каным карайып аман калганыма таубе дедим. Осы жагдайды жол камерасынан карап сол жургизушини жауапка тартуларынызды талап етемин. Мен 2 секунт болмаганда олип кететин едим. Шара колданбасаныздар баска жерге жазамын

04/05/2018

Ответ:

Сіздің өтінішіңізді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қарап, келесіні хабарлайды. 

Сіздің өтінішіңіз бойынша тиісті шара қолдану үшін автобустың мемлекеттік нөмірін, оқиға орын алған күнін, уақытын хабарлауыңызды сұраймыз. Бұл жағдай бойынша «Green bus company» ЖШС-на жүргізушілер құрамымен жол жүру ережелерін сақтау туралы нұсқаулық жүргізу тапсырмасы берілді.
Сұралған қосымша ақпаратты Басқармаға 262 20 49 нөмірі бойынша хабарлауға болады.

16/05/2018