«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 29 наурыз 2024

2017 жылдың 1-тамызынан бастап жолаушыларды қалалық қатынастарда тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленген

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылдың 20-шілдедегі №3/293, Алматы қаласының Әділет Департаментінде тіркелген, №1395 Қаулысы бойынша

2017 жылдың 1-тамызынан бастап жолаушыларды қалалық қатынастарда тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф электрондық жүйе арқылы төлеу барысында келесі мөлшерде белгіленсін:

- электрондық «Оңай» жол жүру картасы арқылы – 80 теңге;

- қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 теңге.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 622-бабына сәйкес, билетсіз жол жүру үшін салынатын айыппұл – 2 АЕК құрайды.