«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 26 сәуір 2024

Аэропортқа қарай жүретін автобус бағытын сұраймыз

Ақбұлақ, Әйгерім, Киров т.б ы/а-нан Сайран,Саяхат, Алматы - 2, Аэропортқа қарай жүретін автобус бағытын сұраймыз. Алыс жолға шығатын жолаушыларға бұл нысаналарға жету өте қиын.

10/09/2018 

Жауап:

Сіздің өтінішіңізді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қарап, келесіні хабарлайды. 

Қалалық маршрут желісі әрбір жолаушыны қайта отырғызусыз жеткізуді қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты тікелей маршрут ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ. Алайда жаңа автобустар сатып алынған жағдайда Сіздің ұсынысыңыз аудандық әкім аппараттарының өкілдерімен бірге қаралады.

19/12/2018