«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Бейсенбі, 04 наурыз 2021

Алматы қаласына 1-2 күнге келген қонақтар үшін қалай болмақ?

Қалаға қонаққа келген жолаушылар Бірыңғай көлік картасын ала алады.Оларды қалаға кірегенде қаланың теміржол вокзалдарында, әуежайда орналасқан көлік карталарын таратушы агенттік желілері арқылы алуға болады. Картаның сату орындары «Оңай» белгісімен көрсетілген. Бірыңғай көлік картасын  қолданып болған соң оны қайтадан сату орнына өткізіп, кепілдеме бағасы – 320 теңгені және картаның ішінде қалған қалдық қаражатты қайтарып алуына болады. Картаны қайтару Жария шартта көрсетілген шарттарға сәйкес жасалынады. Кепілдеме құнын  қайтарып алу Алматы қаласы Рысқұлбеков көш., 33/1 мекен-жайы бойынша  және «ОҢАЙ» белгісімен көрсетілген теміржол вокзалдарының арнайы кассаларында жүргізіледі.

Сонымен қатар, қалалық маршруттардың қоғамдық көліктерінде жол ақысына төлемді қолма-қол ақшалай жасау үшін "ОҢАЙ" билеттерін басып шығаратын терминалдар орнатылған. Басқа қала тұрғындары Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде бір реттік жол жүруге арналған «ОҢАЙ» қағаз билетін алып, осы терминал арқылы төлем жасай алады. 
 

МАҢЫЗДЫ! «ОҢАЙ» қағаз билеті келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

• қоғамдық көлікте қолма-қол төленген жол ақысын тіркеуге арналған арнайы мобильді көлік терминалы арқылы берілуі тиіс;

• келесі мәліметтер болуы керек:

1) жүріп келе жатқан жолға сәйкес келетін уақыты және күні;

2) маршрут нөмірі және көліктің мемлекеттік нөмірі;

3) жол ақысының құны.

• Билеттің арғы бетінде «ОҢАЙ» логотипі болуы керек.

Бір реттік жол жүруге арналған «ОҢАЙ» қағаз билетінің құны 80 (сексен) теңге тұрады.