«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 29 наурыз 2024

Алматы қаласының әкімдігі сіздерге 123 бағыт бойынша қатынайтын автобустардың хәл жағдайы жайлы

Алматы қаласының әкімдігі сіздерге 123 бағыт бойынша қатынайтын автобустардың хәл жағдайы жайлы біраз шағымым бар еді автобустардың ауа шығаратын көк түтініне қақала жаздаймыз, отыратын орындықтардың кір әрі автобус сырты да жуылмаған сияқты . Сондықтан бұл автобус бойынша бағыттағы автобустардың гигиеналық әрі экологиялық тест өткізілуін сұраймын .Мен бүгін 03.01.17 сағат 19:45 аялдамаға келіп автобусты 15 минут бойы күтіп ситибастан қарап едім бұл ауданда жүретін үш автобустың (17,56,123) бәрі де бір бағытты ғана келе жатыр екен ал қарама-қарсы бағытта автобус не өтіп кеткен немесе автопаркке бағытталып барады. Сонымен қатар автобустарды ауыстыруды әрі жүру интервалын реттеуді сұраймын!Автобустарды нақты қашан ауытыратыны туралы ақпарат талап етемін!

04/01/2018

Жауап:

№ 123 маршруттың қозғалысын ретке келтіру талабымен "Автобаза ДосТранс" ЖШС-на ескерту хат жолданды. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда Басқарма № 123 маршруттың қызметін жүргізу құқықығын жаңадан сатып алынатын автобустарға беру мәселесін қарастыратын болады.

22/02/2018