«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Бейсенбі, 21 қараша 2024

Алматыда «ЛиАЗ» маркалы жаңа автобустар №103 бағыты бойынша жолға шықты

Алматыда қоғамдық көлік жүйесін ОЭСР стандарттарына сай жақсарту мақсатында қозғалмалы составты жаңарту одан әрі жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №103 бағыты бойынша жүре бастаған төмен еденді «ЛиАЗ» маркалы жаңа автобустарды қарап шықты.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исақов биылғы жылы «Алматыэлектротранс» ЖШС сатып алатын 297 көліктің алғашқы 20 автобусының қалаға келгендігін айтты. «ЛиАЗ» маркалы автобустар Евро-5 стандартына сай, сыйымдылығы 108 адам - кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен қамтылған, пандустары бар, қаланың брендбукімен әрленген. Қалған автобустар үстіміздегі жылдың желтоқсанына дейін кезең бойынша жеткізіледі.

Бұрындары №103 бағыттағы көлік Алатау ауданының тұрғындары үшін қолайлы болды, ол қала орталығымен жүріп, соңғы аялдамасы Әл- Фараби даңғылы болатын, кейін тасымалдаушы жылжымалы составтың жоқтығы салдарынан бұл бағытты алып тастаған еді. Жаңа автобустар қозғалыс жиілігін 100% -ға қамтамасыз етеді.

Естеріңізде болса, өткен аптада тасымалдаушы «Green bus company» ЖШС «Yutong» маркалы 50 жаңа автобусов м алған болатын. Олар №50,112,126 бағыттары бойынша сапалы қызмет көрсетуде. 

Бұлардан өзге, жеке тасымалдаушылар сыйымдылығы әртүрлі 254 автобус алуды жоспарлап отыр. «БаТу Трэвел» ЖШС, «АвтоАлма-Транс» ЖШС, «Мадина» ЖШС, «ТалапТ» ЖШС, «Самат Транс» ЖШС, «Green bus company» ЖШС сынды асымалдаушы- компаниялар алған көліктер үстіміздегі жылдың қазан айының аяғынан 2018 жылдың сәуір айына дейін келе бастайды.