«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Сенбі, 20 сәуір 2024

Алматыда №56 бағыттағы автобустар жаңарды

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, бүгін №56 бағыт бойынша Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустар жолға шықты.

Бұрындары тасымалдаушы қозғалыс жиілігін, интервалды сақтамайтын. Бүгінннен бастап «Сәлем» базары мен «Қазақфильм» ықшам ауданы арасында сыйымдылығы жоғары 16 төмен еденді кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған көліктер жүреді.

Бұл бағытттың интервалы 5 минут. Көліктің жаңаруы, жиіліктің артуы арқасында бағыттағы жолаушылар легі 3,5 есе артады деп күтілуде.

Еске салсақ, Алматыда №12, 22, 50, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.