«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Сәрсенбі, 06 қараша 2024

Алматыда №77 автобустар бағыты қайта жаңғырды

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көліктің тұрақты жүйесін қалыптастыру мақсатында қозғалмалы состав жаңару үстінде. Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек №77 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастаған «ЛиАЗ» маркалы жаңа автобустрады көрді.

Жеке тасымалдаушы бұл бағытты рентабельсіз деп жауып тастаған еді. Алайда, қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Жетісу ауданы тұрғындары үшін бұл бағытты қайта жаңғыртты, енді көлік «Алматы-1» теміржолвоказлынан Осипенко – Жансүгіров көшелерін,Рысқұлов дағылын, Кудерин – Розыбакиев көшелері мен Әл – Фараби даңғылын қамтитын болады, соңғы аялдама «Арман» автобекеті.

Бұл бағытқа қызмет көрсету үшін «Алматыэлектротранс» ЖШС «Евро-5» экологиялық сыныптағы төмен еденді 16 жаңа автобустарды бөлген, бұлардың барлығы кондиционерлермен,пандустармен, видеобақылау камераларымен жабдықталған.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов айтып өткендей, бұл бағыттағы жолаушы легі тәулігіне 10 мың адам.

«Жалпы, «ОҢАЙ» картасы бойынша күніне миллионға жуық транзакцияға қол жетуде, өсім 50 мың, транзакция бағыттарды көбейту және жылжымалы составты жаңарту жұмыстарының және басқа да көлік реформасы элементтерін атқару барысында қоғамдық көлікті пайдаланушылар қатарының өскенін көрсетті», - деді М.Исахов.

Естеріңізге салсақ, қазан айының соңында Алатау ауданының тұрғындарын тасымалдайтын 20 жаңа автобус №103 бағыты бойынша жолға шыққан еді.

Бұлардың соңын ала «Green bus company» ЖШС 50 автобус алған болатын, жеке тасымалдаушы «Авто Алма Транс»ЖШС №65 бағыты бойынша жаңа автобустарды шығарды.

Биылғы жылы Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінген болатын, олардың 132 – і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 256 –ы жыл аяғына дейін жолға шығады.

Жеке тасымалдаушылар 254 автобус алуда, олардың 79-ы бағыттар бойынша жүр, жыл аяғына дейін тағы 63 автобус жолға шығады, қалған 112 көлік 2018 жылдың наурыз айныда қызмет көрсетуді бастайды.