«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Бейсенбі, 10 қазан 2024

Бүгін сағат 19:45 те автобус бағыты бойынша мүлдем бақыланбады

Алматы қаласының қоғамдық көлік басқармасы сіздерге 56 бағытты ұстайтын компанияға сөгіс жариялауыңызды сұраймын бүгін сағат 19:45 те автобус бағыты бойынша мүлдем бақыланбады.Автобустарының жөні бір бөлек іші сырты кір шаң басқан, автобустарының өздері ескі он екі жыл істеп жүргендері де бар. Бағыт бойынша жүретін автобустар интервалы мүлдем сақталмайды жолға тек 5 немесе 6 автобус шығады да кешке жоқ болып кетеді. Біраз ай бұрын автобусты әкімшілік өз қолына алады деп еді оны да әлі ауыстырар емес . Автобусты ауыстыру өте қатты қажет!Қашан ауыстыратынын жазып жіберсеңіз!

04/01/2018

Жауап:

Сіздің өтінішіңізді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қарап, келесіні хабарлайды. 
«Тегіс Транс» ЖШС-нің тасымалдаушысы шарттық міндеттемелерді орындамағандықтан, қызмет көрсету туралы келісім-шарт бұзылды. Қазіргі уақытта № 56 маршрут ағымдағы жылдың ақпан айының соңында өтетін және кейіннен басқа тасымалдаушыға ауыстырылатын тендерге қойылады.
 

31/01/2018