«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жексенбі, 22 желтоқсан 2024

"ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ СХЕМАЛАРЫНЫҢ УАҚЫТША ӨЗГЕРУІ"

Құрметті жолаушылар! 20 маусымда қаламызда Алматы жартылай марафонының өтуіне байланысты, келесі маршруттардың қозғалыс бағыттарына уақытша өзгеріс енгізілетін болады:

 

Сағат 12:30-ға дейін

 

№ 15 – Жароков көшесінен кейін Байқадамов көшесіне – Кекілбаев көшесіне - Торайғыров көшесіне бұрылады, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта да осындай.

№ 28 - Дулати көшесімен төмен қарай қозғалыс кезінде Әл-Фараби даңғылына жетпей кері қарай бұрылады (тұрақта).

№ 31 - Момышұлы көшесінен Шаляпин көшесіне бұрылады, одан әрі бұрынғы бағыты бойынша Қожабеков көшесіне дейін жүреді, Радостовцев көшесінде бұрылып, уақытша схема бойынша кері қайтады.

№ 32 - оңтүстік бағытта Мұстафин көшесімен жүреді, одан кейін Әл-Фараби даңғылы - Мұстафин көшесіндегі айналмалы жолмен жүріп, одан әрі кері схема бойынша жүреді.

№ 38 - сағат тілімен жүретін қозғалыс тоқтатылады. Сағат тіліне қарсы жүретін қозғалыс сағат 8:30-да басталатын Әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі марафон біткен соң жүріп бастайды.

№ 57 – Момышұлы көшесінен жоғары қарай қозғалыс кезінде Абай даңғылына - Сайын көшесіне - Шаляпин көшесіне - Момышұлы көшесіне бұрылады, әрі қарай схема бойынша.

№ 62 – Әл-Фараби даңғылымен Назарбаев даңғылына дейін жүреді және кері қарай бұрылады.

№ 63 - сағат тілімен жүретін қозғалыс тоқтатылады. Сағат тіліне қарсы жүретін қозғалыс сағат 08:00 басталады және Қабдолов көшесімен Сайын көшесіне дейін, содан кейін Әл-Фараби даңғылына дейін, одан әрі сыхема бойынша жүреді.

№ 67 – Мұстафин көшесімен Әл-Фараби даңғылындағы айналмалы жолға дейін барады, сонда кері қайтады.

№ 95 – Момышұлы көшесінен Шаляпин көшесіне бұрылып, Береговой көшесі -  Жандосов көшесі -Сәтбаев көшесі - Байтұрсынов көшесі - Тимирязев көшесі - Желтоқсан көшесі - Сәтбаев көшесі, одан әрі кері бағытта уақытша схема бойынша жүреді

№ 104 – солтүстік бағытта: Жандосов көшесі – Юбилейная көшесі – Момышұлы көшесі - Жұбанов көшесі  - Саин көшесі, одан әрі схема бойынша, оңтүстік бағытта Саин көшесі  - Жандосов көшесіне дейін, одан әрі схема бойынша жүреді.

№ 123 - Гагарин даңғылынан Қожабеков көшесіне, одан кейін Розыбакиев көшесінен Тимирязев көшесіне дейін, одан әрі схема бойынша кері жаққа бұрылады.

№127 - уақытша тоқтатылады.

 

Сағат 13: 00-ге дейін

 

№ 4 – Тұрғыт Озал көшесінен Абай даңғылына бұрылады, Брусиловский көшесіне дейін жүреді, одан әрі кері бағытта схема бойынша бұрылады.

№ 18 - солтүстік бағытта: Байзақов көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін, одан әрі схема бойынша. Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы - Байзақов көшесі, одан әрі схема бойынша.

№ 19 – Жароков көшесінен Жандосов көшесіне – Мұқанов көшесіне - Төле би көшесіне бұрылады, одан әрі схема бойынша, кері бағытта да осындай.

№ 22 – Тимирязев көшесінен Әуезов көшесіне - Жандосов көшесіне - Манас көшесіне, одан әрі схема бойынша кері бағытта.

№ 25 - Жұбанов көшесінен Өтеген батыр көшесіне бұрылады - Төле би көшесіне бұрылады, әрі қарай схема бойынша, сондай-ақ кері бағытта да осындай.

№ 30 – Сейфуллин даңғылымен жоғары қарай Абай даңғылына – Масанчи көшесіне - Қабанбай батыр көшесіне бұрылады және Сейфуллин даңғылына қайта оралады, одан әрі схема бойынша кері бағытта қайтады.

№ 34 – Абай даңғылынан Масанчи көшесіне – Құрманғазы көшесіне - Сейфуллин даңғылына, одан әрі схема бойынша кері бағытта бұрылады.

№ 37 – Алтынсарин даңғылынан Абай даңғылына қарай бұрылады – Момышұлы көшесіне -Шаляпин көшесіне, одан әрі кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 44 – екі бағытта да Шаляпин көшесінің орнына Жандосов көшесімен жүреді.

№ 45 – Алтынсарин даңғылынан Жұбанов көшесіне бұрылады, одан кейін Өтеген батыр көшесіне бұрылады, одан әрі схема бойынша кері қарай жүреді.

№ 56 – Әуезов көшесінен Абай даңғылына бұрылады – Жароков көшесіне - Жамбыл көшесіне бұрылады, содан кейін Әуезов көшесіне кері қайтады, одан әрі схема бойынша кері бағытқа жүреді.

№ 59 – Абай даңғылынан Алтынсарин даңғылына бұрылады – Жұбанов көшесіне - Өтеген батыр көшесіне бұрылады, одан әрі схема бойынша кері бағытта жүреді.

№ 65 – уақытша тоқтатылады

№ 66 – уақытша тоқтатылады

№ 70 – Тұрғыт Озал көшесімен жоғары қарай қозғалғанда Төле би көшесіне бұрылады – Розыбакиев көшесіне бұрылады, кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 72 – Өтеген батыр көшесінен Абай даңғылына бұрылады - Алтынсарин даңғылына бұрылады, одан әрі кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 77 – Розыбакиев көшесінен Абай даңғылына бұрылады - Каримов көшесіне – Қарасай батыр көшесіне бұрылады, содан кейін Розыбакиев көшесіне қайта оралады және кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 79 – Абай даңғылынан Масанчи көшесіне бұрылады - Құрманғазы көшесіне бұрылады, әрі қарай кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 80 – Манас көшесінен Абай даңғылына бұрылады – Әуезов көшесіне - Жамбыл көшесіне бұрылады, әрі қарай схема бойынша жүреді.

№ 81 – Розыбакиев көшесінен Абай көшесіне бұрылады - Каримов көшесіне - Қарасай батыр көшесіне бұрылады, содан кейін Розыбакиев көшесіне қайта шығады, одан әрі кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 86 – Назарбаев даңғылынан Сәтпаев көшесіне бұрылады – Желтоқсан көшесіне - Абай даңғылына бұрылады, содан кейін Назарбаев даңғылына қайта оралады және кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 92 – солтүстік бағытта: Момышұлы көшесі - Шаляпин көшесі – Щепетков көшесі - Сәтпаев көшесі  - Байзақов көшесі  - Құрманғазы көшесі, әрі қарай схема бойынша жүреді. Оңтүстік бағытта: схема бойынша Сайын көшесіне дейін, одан әрі Абай даңғылы - Момышұлы көшесі - Шаляпин көшелерімен жүреді.

№ 98 – уақытша тоқтатылады

№101 – уақытша тоқтатылады

№103 – Алтынсарин көшесінен Жұбанов көшесіне бұрылады, одан кейін Өтеген батыр көшесіне бұрылады және кері бағытта бағытта схема бойынша жүреді.

№ 113 – солтүстік бағытта: Жароков көшесі - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Мұқанов көшесі -Шевченко көшесі, одан әрі схема бойынша жүреді. Оңтүстік бағытта: схема бойынша Жамбыл көшесіне дейін - Мұқанов көшесі - Жандосов көшесі - Сәтпаев көшесі - Жароков көшесі, одан әрі схема бойынша жүреді.

№116 – уақытша тоқтатылады.

№ 118 –уақытша тоқтатылады.

№ 119 – солтүстік бағытта: Сәтбаев көшесі – Мұқанов көшесі – Шевченко көшесі - Әуезов көшесі, одан әрі қозғалыс схемасы бойынша жүреді, кері бағытта Әуезов көшесі - Жамбыл көшесі -Мұқанов көшесі - Сәтбаев көшесі, одан әрі схема бойынша Мұстафин көшесіне дейін, одан әрі оңтүстікке Садықов көшесі - Асқаров көшесі, одан әрі схема бойынша жүреді.

№ 120 – сағат тілі бағытымен жүргенде өзгеріссіз, сағат тіліне қарсы Тұрғыт Озалы көшесінен Төле би көшесіне дейін бұрылады, ШААЖ дейін, әрі қарай схема бойынша жүреді.

№ 121 – Достық даңғылымен жоғары қарай қозғалыс кезінде Сәтбаев көшесіне бұрылады – Назарбаев даңғылы - Абай даңғылына бұрылады және Достық даңғылына қайта оралады, бұдан әрі кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 124 – Жұбанов көшесінен Алтынсарин даңғылына бұрылады және Қабдолов көшесі - Өтеген батыр көшесіне дейін төмен қарай, одан әрі кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 128 – шығыс бағытта: Алтынсарин даңғылы - Шаляпин көшесі - Щепетков көшесі - Сәтбаев көшесі – Байзақов көшесі – Құрманғазы көшесі – Наурызбай батыр көшесі – Абай даңғылы, батыс бағытта: Абай даңғылы – Сайын көшесі – Жандосов көшесі, одан әрі схема бойынша жүреді.

№ 135 – Розыбакиев көшесімен жоғары қарай көтеріліп, Абай даңғылына бұрылады – Каримов көшесі - Қарасай батыр көшесіне бұрылады және Розыбакиев көшесіне қайта оралады, одан әрі кері бағытта схема бойынша жүреді.

№ 137 – Жұбанов көшесімен Момышұлы көшесіне дейін барады, содан кейін Шаляпин көшесіне бұрылады және соңғы аялдамаға дейін схема бойынша жүреді. Кері бағытта да осынай.

№209 – шығыс бағытта: соңғы аяладама Абай/Сейфуллин даңғылы - Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесі - одан әрі схема бойынша жүреді, батыс бағытта: Байтұрсынов көшесі - Құрманғазы көшесі - Сейфуллин даңғылы - Абай даңғылы - соңғы аяладама Абай/Сейфуллин даңғылы.

№210 – шығыс бағытта: соңғы аяладама Абай/Сейфуллин даңғылы - Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесі - одан әрі схема бойынша жүреді, батыс бағытта: Байтұрсынов көшесі - Құрманғазы көшесі - Сейфуллин даңғылы- Абай даңғылы- соңғы аяладама Абай/Сейфуллин даңғылы.

№211 – 8:00-ге дейін тоқтатылады. Сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін оңтүстік бағытта: Байтұрсынов көшесі - Тимирязев көшесі - Жандосов көшесі - Сүлейменов көшесі - Мұстафин көшесі - Әл-Фараби даңғылы - одан әрі схема бойынша жүреді, солтүстік бағытта: Жароков көшесі - Тимирязев көшесі –Байтұрсынов көшесімен жүреді.

№212 – схема бойынша - Гагарин көшесі - Сәтпаев көшесі - Гагарин көшесі  - соңғы аялдама Жандосов көшесінде - әрі қарай схема бойынша жүреді.

№224 – шығыс бағытта: соңғы аялдама Құрманғазы көшесінде (Амангелді көшесі) - Сейфуллин даңғылы - Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесі - одан әрі схема бойынша жүреді, батыс бағытта: Байтұрсынов көшесі - Құрманғазы көшесі – соңғы аялдама Құрманғазы көшесінде (Амангелді көшесі).

 

№№ 1,11,12,19,25,5,7, 6, 9 троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады