«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жексенбі, 22 желтоқсан 2024

№ 86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады

Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады.

«Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және таулы жерлерге арналған, қалғандарының сыйымдылығы үлкен және орташа. Олар қалаға жетісімен бағыттар бойынша жүретін болады», -деп атап өтті «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің директоры Ризван Цинаев.

Тасымалдаушылар № 86 бағытының қалада барынша танымал екендігін, Орбита-1 ықшам ауданынан бастап азаматтық авиация Академиясына дейін баратынын, қаланың орталығын, Әл- Фараби даңғылын, Фурманов көшесін, Райымбек және Сүйінбай даңғылдары мен басқаларын қамтитынын айтты.

«Бұрын автобустардың жетіспеушілігінен көлік сирек жүретін, сөйтіп тұрғындардан жиі шағым түсетін. Бізге дейін бұл бағытқа жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен еді. Енді аталған бағыт толық жабдықталып, автобустар кесте бойынша жүретін болады», - деді Р.Цинаев.

Айта кетерлігі, «Алматы-2020» қалалық даму бағдарламасының басты қағидаларының бірі қоғамдық көлікті реформалау,соның барысында жылжымалы состав жаңаруда. Еске салсақ, бұған дейін №65, 50, 103, 126, 112 бағыттары жаңарған еді. Бұлармен қоса №77 бағыт та өзінің жұмысын жаңғыртты. Жылжымалы составты жаңарту ісі басқа бағыттарда да жалғасаатын болады. Жыл аяғына дейін Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің автобус паркінің 30%-ын жаңартуды жоспарлап отыр.