«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Бейсенбі, 25 сәуір 2024

ОҢАЙ! қолданушылар үшін QR-кодтың ауқымды мүмкіндіктерін ашуда

ОҢАЙ! Алматы қаласынының қоғамдық көліктерінде ОҢАЙ! Мобильді қосымшасы жол ақысын тіркеу барысына  заманауи QR-технологиялармен қарулана отырып, айқын төлемге, қауіпсіздік пен ыңғайлылыққа тағы бір қадам жасады.

2018 жылдың 10 тамызынан бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде жол ақысын QR-код немесе көлік құралының коды арқылы тіркеуге болады.

Қазыргі таңда ОҢАЙ! онлайн сервисінің қызметімен 130 мыңнан астам адам қолданады. 01.08.2018 ж. дейін 18 млн теңгеге шамасында ОҢАЙ! картасының теңгерімін толтыру бойынша 86 мыңнан астам операциалар жасалған.

 

Осылайша, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерінің бірі біртіндеп халқымыздың арасында, күнделікті өмірде өз орнын тауып келеді. Жекелеп алғанда, «Смарт Сити» концепциясының негізінде технологиялық және максималды түрде ыңғайлы өмір сүру ортасын құру.

- Бұл «Сандық Қазақстан» бағдарламасымен тығыз ұштасып жатқан, ОҢАЙ! жүйесін енгізу және мүмкіндіктерін арттыру бойынша жасалған стратегияларымыздың кезекті деңгейі. Ендігі уақытта, қолма-қол ақшасыз төлемнің артықшылығы айдан анық болғанда, біз  QR- төлемдер ашып жатқан инновацияны және мүмкіндіктерді халыққа ұсына отырып, көлеңкелі айналымдағы ақшалай қаражатты қысқарту және жалпы қызмет ауқымын жақсарту жолына бет алып келеміз.  Біз басында-ақ таңдаған ОҢАЙ! жүйесі кез-келген қызмет түрін оңай енгізе алады – деді «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.

 

QR-код бойынша жол ақысын тіркеу кезінде «Төлем жасау» бөлімін таңдау қажет, ары қарай «QR-код бойынша төлеу» тетігін басу қажет. Келесі қадам көлік құралының терминалында QR-кодты сканерлеу керек және «Растау» тетігін басу қажет.

Жол ақысының төлемін көлік құралының коды бойынша тіркеу кезінде «Көлік» бөліміндегі «Төлем жасау» бөлімін таңдау қажет содан кейін «Жол ақысын код бойынша төлеу» тетігін басу қажет. Көлік құралының терминалында көрсетілген кодты қолмен енгізу қажет, содан соң «Растау» тетігін басу қажет.

Жол ақысының төлемін ОҢАЙ! Мобильді қосымшасы арқылы төлеген кезде, жол ақысының төлемі карта түріне қарамастан, 80 теңгені құрайды. ОҢАЙ! Мобильді қосымшасы арқылы төлем жасаған кезде жеңілдіктер жарамсыз болады. ОҢАЙ! картасында айлық жол жүру абонементі қосылып тұрған жағдайда, ОҢАЙ! Мобильді қосымшасында төлем жасау мүмкін емес. Төлем жасаған кезде «Төлемді растау» тетігін басу арқылы ОҢАЙ! мобильді қосымшасының қолданушысы ОҢАЙ! Мобильді қосымшасы арқылы жол ақысы төлемінің шарттары мен тарифтерімен келіседі және қабылдайды. Қажеттілігіне қарай қолданушы ОҢАЙ! Мобильді қосымшасының көмегімен бірнеше жолаушы үшін жол ақысының төлемін жасай алады.

 

Қазіргі таңда ОҢАЙ! карталары Алматы хайуанаттар бағында, «Медеу» мұз айдынында, «Көктөбе» саябағында, «НЕМО» дельфинариінде, Hard Rock Cafe Almaty-да, Ipizza, Zheka’s Doner House, Harat’s Pub Нурлы-Тау, KANGO батут паркінде, Тicketon.kz, Кassir.kz және 103apteka.kz қызметтерінде қолданылуда. Сонымен қатар, қолданушылар  «Классик-А» стоматологиялық клиникасында медициналық қызмет түрі үшін, «AQUA SERVICE» көлік жуу желісінде кешенді қызмет түрлері үшін де төлем жасай алады.

 

Фото: http://web-in-learning.blogspot.com/2012/01/qr-voice-qr.html