«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Сенбі, 27 сәуір 2024

ОҢАЙ! мобильді қосымшасы шықты

ОҢАЙ! карталарының барлық қолданушылары үшін ОҢАЙ! тегін мобильді қосымшасы шықты. Оны AppStore және Google Play арқылы жүктеуге болады.

ОҢАЙ! мобильді қосымшасының мүмкіндіктері:

  • ОҢАЙ! картасының балансын тексеру және комиссиясыз толтыру
  • жоғалған картаны бұғаттап, ондағы соманы жаңа картаға аудару
  • айлық жол жүру абонементін иелену
  • туыстарыңыздың карталарын қосымша тіркеу
  • автобус номерлерін көрсете отырып, А нүктесінен Б нүктесіне дейін қолайлы бағыт іздеу

«Мобильді қосымшаны жүзеге асыру – ОҢАЙ! картасының көлікте ғана емес, қызмет көрсету мен тауар салаларында да қолдану аясын кеңейтуге бағытталған даму стратегиясын іске асырудағы шешуші қадам. ОҢАЙ! картасын қолдану және басқару жолдарын мейлінше қолайлы ету мақсатында мобильді қосымша міндеттері біртіндеп көбеймек», - деп атап өтті, «Оңай Рау» ЖШС директоры Александр Зайкин.

Сондай-ақ, Александр Зайкиннің айтуынша, карта қолданушылары бұған дейін бетпе-бет келген барлық кемшіліктер ескеріліп, картадағы қаржыны сақтау, қауіпсіздігін күшейту үшін бірқатар жаңа мүмкіндіктер енгізілді. Мысалы, ОҢАЙ! мобильді қосымшасына тіркелген қолданушылар абайсызда карталарын жоғалтып алса, қосымша арқылы ол картаны жылдам арада бұғаттап, теңгерімдегі соманы жаңа картаға аудара алады.

Мобильді қосымшаны жүктеу APP STORE 

Мобильді қосымшаны жүктеу GOOGLE PLAY