«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Сәрсенбі, 06 қараша 2024

ONAY! жол ақысын SMS (СМС) хабарлама жіберу арқылы төлеу үшін ұялы байланыс операторларының санын арттыру туралы жоспарын жүзеге асыруда.

 

       ONAY! жол ақысын SMS (СМС) хабарлама жіберу  арқылы төлеу үшін ұялы байланыс операторларының санын арттыру туралы жоспарын жүзеге асыруда.

         Kcell/activ ұялы байланыс операторымен бірлесе отырып,  жақын күндері жол ақысының төлемін  SMS (СМС) хабарлама жіберу арқылы төлеу мүмкіндігі іске қосылатын болады.

          2020 жылдың 05 ақпанынан бастап,  Kcell/activ абоненттері үшін жол ақысының төлемін  SMS (СМС) хабарлама жіберу арқылы төлеу қолжетімді болады.

        2019 жылдың қаңтар айынан бастап, Beeline абоненттері үшін жол ақысының төлемін  SMS (СМС) хабарлама жіберу арқылы төлеу мүмкіндігі іске қосылғандығын естеріңізге саламыз.

         Біз қолданушылар үшін өзіміздің ONAY! төлем қызметіміздің мүмкіндіктер аясын кеңейте отырып, әлемдік тенденциялардың барлығына сай келуін қалаймыз.

         SMS (СМС) қызметі арқылы автобустар мен троллейбустарда жол ақысын төлегісі келетін Kcell/activ абоненттері 9909 нөміріне ONAY-кодты көрсете отырып хабарлама жіберулері тиіс. Аталған қызмет арқылы жол ақысына төлем жасалғаннан кейін, жолаушының ұялы телефонына электронды билеті бар  SMS (СМС) хабарлама келеді.

         SMS (СМС) қызмет арқылы жол ақысына төлем жасағанда жол ақысының төлемі 80 (сексен) теңгені құрайды және ол жолаушының ұялы телефон нөмірі теңгерімінен алынатын болады. SMS (СМС) қызмет арқылы төлем жасағанда жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі жасалмайды. Сондай-ақ, бұндай төлем түрін корпоративті нөмір қолданушылары қолдана алмайды.

         * ONAY-код – автобустар мен троллейбустарда орналасқан терминалдардың экранында көрсетілген сандық код. Бұндай код әрбір көлік құралына (автобус және троллейбус) меншіктеліп беріледі.

 

«Алматы қаласы көлік холдингінің»

 баспасөз хабарламасы