«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 29 наурыз 2024

Соңғы уақытта автобустарда оңай тексерушілері жоғалып кетті.Әсіресе бұл жаңа АЭК-ның жасыл автобустарында қатты байқалады.

Сәлеметсәздерме!

Соңғы уақытта автобустарда оңай тексерушілері жоғалып кетті.Әсіресе бұл жаңа АЭК-ның жасыл автобустарында қатты байқалады. Автобус жолаушылары жол ақысын төлемей жүре береді. Сондықтан оңай тексерушілерін сол автобустарға көптен жіберуге өтінемін.
Және де жоғарыда атап өтілген жаңа автобустар үшесікті болғанымен соңғы есік кіре берісінде мына автобустарда оңай терминалы жоқ:56, 98,137 және т.б.
Сонымен қатар қала әкімшілігіне өз алғысымды білдіргім келеді! Көптеген проблемалы автобус қатынастарын тұрақтандырды, интервалды қысқартты.Бірақ автобустарды газбен жүретіндей етіп алған дұрыс болар еді әрі бұл жолы YUTONG автобустарынан құтылдық.Бастапқыда ютонг автобустарының жағдайы жақсы болатын алайда олардың сапасының жоқтығынан олар бір екі жылда ақ сына бастады.Сондықтан қала әкімшілігін ондай автобустарды алмауды сұраймын.
Сондай ақ барлық автобустарда аялдаманы автоматты атайтындай болса екен себебі зейнет жасындағы немесе мүгедек жандар бұған өте мұқтаж әрі көптеген автобустарда қазір жүргізуші әндер қойып отырады сондықтан менің ойымша бұны іске асыру үшін барлық құралдар бар. Әрі бұндай аялдамаларды автоматты түрде хабарлау Астанада, алматы метросында да бар.

03/02/2018

Жауап:

Артқы есіктердегі кіреберістерді терминалдармен жабдықтау туралы хабарлама «Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС-на жолданды.

Аялдамалардың атауларын автоматты түрде дыбыстау кейбір автобустардың техникалық сәйкессіздігіне байланысты мүмкін емес. Мүмкіндік берілетін автобустарда құрылғылар орнатылуда. Жақын арада автоматтандырылған дыбыстау автобустарда іске қосылатын болады.

12/04/2018