«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Сенбі, 27 сәуір 2024

Telegram мессенджерінде 18 наурыздан бастап жаңа арна іске қосылатын болады, ол алматылықтарды қоғамдық көлік маршруттарының қолданыстағы немесе жаңа қозғалыс бағыттарының пайда болуы туралы жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

Telegram мессенджерінде 18 наурыздан бастап жаңа арна іске қосылатын болады, ол алматылықтарды қоғамдық көлік маршруттарының қолданыстағы немесе жаңа қозғалыс бағыттарының пайда болуы туралы жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Арна қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін Алматы қаласының Көлік холдингімен ашылды. Себебі, әдеттегі маршруттың кейбір өзгерістерге ұшырағандығы туралы жолаушылардың көпшілігі кеш біліп жатады.

Халықтың көп бөлігін ақпараттармен қамту үшін және «онлайн-алаң» құру туралы шешім қабылданды, оның көмегімен пайдаланушылар ақпаратты дер кезінде  және бірінші таратушыдан, дәлірек айтқанда, оны уәкілетті орган – Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасында бекіткеннен кейін дереу түрде ала алады.

Жаңа Telegram-арнадағы жарияланымдар маршруттардағы алдағы өзгерістер туралы қысқаша, бірақ кез-келген пайдаланушыға түсінікті түрдегі ақпаратты қамтиды. Оған қосылу оңай, тек  https://t.me/THA_Info сілтемесі арқылы өту керек. Жаңа жаңалықтарды жіберіп алмау үшін, ескертулердің дыбысын өшірмеуіңіз қажет.