Сәлеметсізбе, неге 118 автобус кешкі кезде нашар жүреді? Сағат 17-30 бен 19-00 аралықта. 25 минуттан күтіп отырамыз. Лық толы келеді, міне алмайсын. Көмектесуіңізді сұраймыз.
20.02.2017
Жауап: Сіз жолдаған өтінішті қарап, келесіні хабарлаймыз. Пик уақыттары қаладағы көліктің барлығы кептелісте тұрып қалады, осыған байланысты автобустардың жүру аралығы көбейіп, графиктер созылады. Бұл жағдай тек 118 маршрутқа байланысты емес.
04.03.2017