«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Бейсенбі, 18 сәуір 2024

Троллейбус батыс бағытта 10 рет жүргенімде 2-3 рет(яғни ықтималдылығы 20-30%) қуат жоқ

Армысыздар! 
Троллейбус батыс бағытта 10 рет жүргенімде 2-3 рет(яғни ықтималдылығы 20-30%) қуат жоқ деп Саин-Абай, Саин-Жұбанов қиылыстарында түсіріп кетті. Алдыңғы күні кешкі суықта Саин-Жұбановта тастап кетті. Маған Момышұлы-Төлебиге дейін жету керек еді. Қазір қиын 90-шы жылдар емес қой! Қуат неге жоғалады? Тегін, қарызға жүріп жүргеніміз жоқ қой! Ақшасын төлеп жүрміз. Бүгін таңертең 25-ші троллейбус Байтұрсынов-Абай қиылысында қуат жоқ деп тастап кетті. Маған Абай-Абылайхан қиылысы керек еді, мынандай -30градус суықта жаяу жеттім. Қуат бұлай жиі-жиі жоғала берсе троллейбус маршруттарын тоқтатыңыздар.

26/01/2018

Жауап:

Троллейбус желілерінің тозуына байланысты қуаттылықтың жеткіліксіздігі байқалуда. Осыған байланысты қазіргі уақытта Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы "Троллейбус желілерін жаңғырту және маршруттарын дамыту" жобасының Жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр.

22/02/2018