«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жұма, 29 наурыз 2024

Алматы қаласының әкімдігі сіздерге 17 бағыт бойынша қатынайтын автобустардың хәл жағдайы

Алматы қаласының әкімдігі сіздерге 17 бағыт бойынша қатынайтын автобустардың хәл жағдайы жайлы біраз шағымым бар еді автобус іші кір әрі төмен сападағы пластиктің иісі шығып еріп барады,ал автобустардың ауа шығаратын көк түтініне қақала жаздаймыз, отыратын орындықтардың матасы жыртылып біраз уақыт жуылмайды мүмкін сатып алғаннан бері матасы түгіл автобус сырты да жуылмаған сияқты . Сондықтан бұл автобус бойынша машруттағы автобустардың гигиеналық әрі экологиялық тест өткізілуін сұраймын әрі 5 жыл бойы қолданыста болып келген 17 бағыттағы автобустанын ауыстыруды сұраймыз!

04/01/2018

 

Жауап

№ 17 маршруттың қызметін жүргізетін "ДуманТрансСом" ЖШС-на автобустардың техникалық және санитарлық жағдайын ретке келтіру талабымен ескерту хат жолданды. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда Басқарма маршруттың қызметін жүргізу келісімшартын біржақты тәртіпте бұзу мәселесін қарасытратын болады
 

22/02/2018