«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Сенбі, 20 сәуір 2024

Алматыдағы барлық автобус маршруттарының жүргізушілері мен кондукторлары Оңай карточкада ақша тауысып қалтаңда наличка ақшаң болмаса

Қайырлы күн,қадірлі басшылық! негізі, Алматыдағы барлық автобус маршруттарының жүргізушілері мен кондукторлары Оңай карточкада ақша тауысып қалтаңда наличка ақшаң болмаса: "Түс да түс" деп 150 тг қалтасына түспесе жеп қоюға дайын.Бұл жолы өзіме қатысты Көк базар жақтан 7 маршрут автобусына отырдым,барғанда Оңайымда ақша болған,қайтарда ақшасы таусылғанын терминалдан тексеріп байқадым,бірақ қалтамда тиын жоқ болып Оңайды да толықтыра алмадым,жол ақысын наличкамен төлей алмадым,өзім 3 топ мүгедекпін: "Бұл жолы баратын жеріме жетіп алайын,қалтамда ақша жоқ төлейін десем" деп мүгедек кітапшамды көрсеткен едім,кондуктор дардай жас жігіт шешесімен жасты мүгедек әйелге маған"Төле деймін,ақшаң жоқ болса түс"деп айқайлап қоймағаннан кейін "СМС пен төлейін онда,наличка бір тиын жоқ қалтамда барлығы Оңай,банк карточкаларында " деп түспейм,жетіп алайын деген едім,"ондай болса қазір жолдан Оңай тексерушілерге түсіріп тапсырып жіберемін сізді"деді да жүргізушіге де тапсырып қойды "Оңайлықтарды байқап қалсаң тоқтат" деп бүкіл автобусқа айқайлап мені масқара қылып,аяқ қолым тартылып әрең отырдым,не болса да барар жеріме жетіп алайын деп шыдап отырдым қолымда иә дәрім иә суым жоқ,сол түріммен талып қалсам ешкім көмектесе алмайтындығы мәлім.
Сол 882 нөмірлі 7 маршрут автобусының жүргізушісі мен кондукторына шара қолданы,штраф салып одан түскен ақшасын автопарк пен автобустар мұқтаждықтарына жұмсасаңыздар- жігіттерге де сабақ болатын еді егер одан кондукторы нәтиже шығарса.
Жасым үлкен болғаннан кейін мен де үндемей отыра алмадым "Не болды сонша жармасып,ылғи тегін жүрген адам сияқты мені масқара қылып жұлуға дайынсың,мүгедекпін бұл жолы бара жатқан жеріме жетіп алайын,ылғи Оңайды толықтырып никогда тегін жүрмейтінмін" деп айқайлап қомағаннан кейін мен де жауап берген едім,"Рахмет айтудың орнына өзімізге айқайлайды" деп екеуі қоймайды.
150 тг үшін мүгедексің ау, үлкенсің ау,әйелсің ау демей жұлуға дайын жүргізушілер мен кондукторларға ұсыныс жасап шара қолдануларыңызды сұраймын өзімнің "Жай Жаң" қоғамдық ұйымымымның атынан.
Бұндай жағдай күніне бірнеше рет әр автобуста кездесетін жағдай.

05/01/2018

Жауап

Сіздің өтінішіңізді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қарап, келесіні хабарлайды. 
«Талап Т» ЖШС-на №7 маршруттың жүргізушісіне тиісті шара қолдану туралы ескерту жасалды. Маршруттың жұмысы Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылауына алынды.

22/02/2018