«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Дүйсенбі, 09 желтоқсан 2024

Метро бекеттері

«Райымбек батыр» бекеті – таяз орналасқан. Фурманов көшесінің және Райымбек батыр даңғылының қиылысында орналасқан. Жерасты вестибюліне кіретін және шығатын жерлер Фурманов көшесі мен Райымбек батыр даңғылы қиылысқан әрбір бұрышқа орналасқан. Тағы екі кіретін және шығатын жерлер Фурманов көшесінің бойында, Райымбек батыр даңғылының солтүстігіне қарай орналасқан.

«Жібек жолы» бекеті – терең орналасқан. Панфилов және Гоголь көшелері қиылысқан жерінде тұр. Жер асты вестибюліне кіре-берістер және шығатын жерлер Гоголь мен Панфилов көшелері қиылысының оңтүстік шығысында орналасқан.​

«Алмалы» терең орналасқан бекет. Қарасай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысқан жерінде тұр. Кіре-берістер мен шыға-берістер Панфилов көшесінің шығысына қарай, Қарасай батыр көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан.

«Абай» бекеті – терең орналасқан. Фурманов көшесі мен Абай даңғылы қиылысына жақын орналасқан. Кіре-берістер мен шыға-берістер Фурманов көшесінің шығысына қарай орналасқан, Төлебаев көшесімен Абай даңғылының солтүстік және оңтүстік жағынан қиылысқан.

«Байқоңыр» бекеті терең салынған. Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында орналасқан. Жер асты вестибюліне кіре-берістер мен шыға-берістер Байтұрсынов көшесі бойында Абай даңғылымен оңтүстік шығыс және оңтүстік батыс қиылысында орналасқан. Оңтүстік-шығыс кіре-берісі  көтерілу биіктігі 6,0 м, ұзындығы 12,0 м екі таспалы эскалатормен жабдықталған.​

«М. Әуезов атындағы театр» бекеті терең салынған. Абай даңғылы және Мұқанов көшесіқиылысы ауданында орналасқан. Жерасты вестибюліне кіре-берістер мен шыға – берістер Абайдаңғылының солтүстік және оңтүстік жақтарында Жандосов көшесі ауданында орналасқан.Вестибюльге Абай даңғылына көлденең орналасқан жүргіншілер өткелі келеді.

«Алатау» бекеті – терең қазылмаған. Абай даңғылының оңтүстігіне қарай, Жароков көшесі мен Гагарин даңғылының арасында орналасқан. Кіре-берістер мен шыға-берістер Абай даңғылы бойы, Гагарин және Жароков көшелерінің бойында орналасқан. № 1-вестибюльге Абай даңғылы бойы кесе-көлденең орналасқан жаяу жол өтпелі келеді. Жерасты вестибюльдері платформалық учаскенің екі жағы бойынша орналасқан.

«Сайран» бекеті - Бостандық ауданындағы Абай даңғылы бойымен Брусиловский көшесі менТілендиев көшесінің арасындағы көлік жүретін бөлігінде орналасқан.

«Мәскеу» бекеті - Әуезов ауданындағы Абай даңғылы бойымен Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасындағы көлік жүретін бөлігінде орналасқан.

Толығырақ ақпаратты мына адрестер бойынша алуға болады:  http://metroalmaty.kz/