«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Дүйсенбі, 09 желтоқсан 2024

ТРАМВАЙЛАР/ЖРК

Алматыдағы трамвайлардың қозғалысы 2015 жылы 31 қазанда тоқтатылған болатын. Жолдардың трамвайлық инфроқұрылымы авариялық жағдайда тұр және жөндеуді талап етеді. Тұрғындар тарапынан соңғы жылдары қозғалыс интервалының үлкендігіне  көптеген сөгістер айтылды және соның салдары ретінде көптеген жылдар бойы жолаушылар ағыны да төмен болды. Трамвай шаруашылығын қайта құру (жолдар, депо мен қосымша жылжымалы құрам сатып алу) жөніндегі ұсыныстар Алматы Әкімдігінің қарауында жатыр.

Ескі трамвай жолдары жөніндегі шешімнен тәуелсіз, Алматыда 2009 жылдан бастап жүрдек жеңіл рельсті трамвай   (ЖРТ) жөніндегі жоба қаралуда. Қоғамдық көліктердің халықаралық одағының (ҚКХО) деректері бойынша, ЖРТ қазіргі күні қауіпсіздігі жоғары көлік ретінде қайта дамытылуда және әлемнің 80 қаласында не бүгінде  салынып жатыр немесе өзінің алғашқы желісін салу жоспарлануда.

2009-2011 жылдар кезеңінде   түрлі институттар Алматы қ. Әкімдігінің тапсырысы бойынша ТЭН дайындады, зерттеулер жүргізді және ЖРТ жобасын іске асыру форматтары мен қаржыландыру жөнінде келісулер жүргізді, бірақ жобаны іске асыру туралы шешім қабылданған жоқ.

2013 жылдан бастап жобаның жаңа фазасы басталды және  Алматы қ. Әкімдігінің сұрауы бойынша, БҰҰДБ-ҒЭҚ  «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасының және Еуропаның қайта құру және даму банкінің қолдауымен мемлекеттік жеке серіктестіктің сызбасы бойынша (МЖС) іске асыру үшін жобаның тендерлік құжаттамаларын дайындауға консультанттардың үш тобы: Idom (Испания), Norton Rose (Ұлыбритания/Қазақстан) заң компанияларының техникалық мамандары, Ernst&Young (Қазақстан) компаниясының қаржы консультанттары тартылды.

 

 

Алматы қ. Әкімдігі тарапынан осы жобаны үйлестірумен Инвесторларға қызмет көрсету орталығы «Алматы» СПК» ҰК» АҚ айналысады http://spk-almaty.kz/index.php/ru/for-investor/investor-service

Жоба ұзындығы 22,9 км. ЖРТ желісін салуды көздейді. Болжамды қуаттылығы тәулігіне 77-106 мың жолаушыдан бастап. Жеңіл рельсті көліктің шамаланған маршруты Алатау ауданы депосынан басталады, одан кейін Момышұлы, Төле би, Панфилов көшелерінен Астана алаңына  дейін – Мақатаев көшесі мен Жетісу көшесінен өтетін болады.  Қосымша тармағы Қалқаман шағын ауданындағы жобаланып отырған метро станциясына дейін жүреді. Қозғалысының жобалық жылдамдығы 35 аялдамамен 24 км/сағатты құрайды, толық маршруты 40 минуттан астамға ұзартылады. Жылжымалы құрам 36 поездан тұратын болады, бұл ретте бір поезға 200 дей жолаушы міне алады.

Алматыға арналған ЖРТ жүйесі мен жоба туралы анағұрлым толық ақпаратты  мына сілтемелерден білуге болады: 

http://almaty-lrt.kz

http://alatransit.kz/ru/content/legkorelsovyy-transport-lrt-v-almaty-obzor-i-perspektivy

http://alatransit.kz/ru/content/razvitie-sistem-lrt-v-mire

 

Сурет дереккөздері: http://investinalmaty.com/presentation/LRT_Presentation_ru.pdf