«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Жексенбі, 22 желтоқсан 2024

МЕТРО

Метро Алматы қоғамдық көлітерінің қаладағы ең жаңа түрі болып табылады.  Метроның  жалпы ұзындығы 8,6 км болатын бірінші кезегі  2011 жылы   1 желтоқсанда пайдалануға берілген болатын. Оның құрамына жеті станция: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр» және «Әуезов атындағы драма театры» мен «Алатау» енеді. 2015 жылғы    18 сәуірде «Сайран» және «Москва» деп аталатын тағы екі жаңа станция ашылды.

«Алматы қ. метрополитені» қосымшасы Сізге поездардың кестесіне автономдық режимде тез қол жеткізуді ұсынады.
Қосымша төмендегі қоса берілген  функциялармен жабдықталған:

  • поездардың өзекті кестесі;
  • метрополитен станциясы туралы ақпарат;
  • галерея;
  • станцияның  картасы-google орналасқан жер;
  • оятқыш сағат қою мүмкіндігі;
  • метрополитеннің тарихы туралы ақпарат;
  • MasterCardPayPass жеке кабинеті;
  • жол жүру төлемінің құны.
     

 

Сурет дереккөздері:http://russos.ru/