«Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс
Дүйсенбі, 25 қараша 2024

ТӨЛЕМ

ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫ – 80 ТЕҢГЕ

ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫ – 40 ТЕҢГЕ

Қолма-қол ақша төлеген кезде жол ақысының  құны – 80 теңге (сары жетон).

7 жастан бастап 15 жасқа дейінгі балар үшін жол ақысы  – 40 теңге (қызыл жетон). Міндетті тәртіппен тууы туралы куәлігін (көшірмесі) немесе оқу орнынан берілетін мекеменің мөрі басылған, сурет жапсырылған   анықтаманы  көрсету керек, жоғарыда айтылған құжаттар болмаған жағдайда билет жалпы негізде сатылып алынады.

7 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру - тегін.

Смарт-картаның көмегімен жол ақысын төлеу. 100 теңгелік, қолданылу  мерзімі 3 жылдық смарт-карта алып жүретін болсаңыз, Сіз оны, қолданылуын тағы үш жылға ұзарта отырып, кез келген жол жүру санына (60-қа дейін)  толтыру мүмкіндігіне ие боласыз. Смарт-картаны сіз оператордың кассасынан да, сол сияқты жол жүру билеттерін сататын және толтыратын автоматтардан да өз бетіңізбен толтыртып алуыңызға болады.

MasterCard картасымен төлем жасау

Төлем жасау үшін байланыссыз    MasterCard® картасын жүк турникетінің  сол жақ тумбасындағы валидаторына басыңыз. Төлем көзді ашып-жұмғанша жасалады! 

Бұл,  карта ұсаушыларға төлем картасын  немесе басқа төлем құралын: телефонды, қол сағатты немесе білезікті не брелокты оқитын төлем терминалына жақын апару немесе тигізу арқылы байланыссыз төлем жасау тәсілін ұсынатын төлем жасау технологиясы. Банк картасының байланыссыз екенін сіз картаға орналастырылған белгі немесе PayPass логотип арқылы айырасыз.

Толығырақ ақпаратты мына адрестер бойынша алуға болады:  http://metroalmaty.kz/

 

ТЕГІН ЖОЛ ЖҮРУ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ

«Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі V-шақырылымы XLII1- сессиясының «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде  (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну  туралы»  Алматы қаласы мәслихатының № 367 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес қалалық қоғамдық көліктерде  (таксиден басқа) тегін жол жүру:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерге, соларға теңестірілген адамдарға;
  • 75 жастан асқан зейнеткерлерге;
  • бірінші, екiнші топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек – балаларға ұсынылады;

 

ЖЕҢІЛДІКТІ ЖОЛ ЖҮРУ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ

Қалалық  қоғамдық көліктерде  (таксиден басқа) тариф құнынан  50% жеңілдікпен жол жүруге мыналарға рұқсат етіледі: 

  • білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушыларына;
  • техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушыларына, жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында  оқитын студенттеріне;
  • жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;
  • көп балалы аналарға (18 жасқа дейінгі жастағы 4 немесе одан да көп баласы бар).

Жоғарыда көрсетілген адамдар санатына жеңілдікті электрондық жол жүру картасы және ұзақ уақыт пайдаланылатын көліктік жол жүру картасы;  «ОҢАЙ» жеңілдікті көлік карталары мен «ОҢАЙ» жол жүру билеті ұсынылады.  
 

Төлем туралы толығырақ ақпаратты мына сайттан біле аласыз: http://onay.kz/